A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 13:00 0

Елімізде 7400 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды

Бүгін / Республика

Эпилепсиямен ауыратын, екі көзі дұрыс көрмейтін немесе психикалық ауруы бар, сондай-ақ есірткі сынды заттарды қолданатындарға көлік басқаруға тыйым салынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жалпы Қазақстанда 21 мыңнан астам жүргізушінің көлік басқаруға медициналық қарсы көрсетілімі бар.
Осы шектеулерге байланысты полиция 13 мыңнан астам істі сотқа жіберді. Заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде 7 400 жүргізуші куәлігі жарамсыз деп танылды.

Енді олар көлік жүргізе алмайды. Эпилепсиямен ауыратын, екі көзі дұрыс көрмейтін немесе психикалық ауруы бар, сондай-ақ есірткі сынды заттарды қолданатындарға көлік басқаруға тыйым салынады. Көлік жүргізуге мүмкіндік бермейтін медициналық қарсы көрсетілімдер тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив