A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 09:30 0

ШҚО-да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді

Бүгін / ШҚО

Кеше Астана уақытымен сағат 23:08-де Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер сілкінісі тіркелді. Оның қарқындылығы Үлкен Нарын ауылында 2 балды құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Жер дүмпуін Астана уақыты бойынша сағат 23:08 -де ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 км жерде орналасқан. Ошақтың координаттары: солтүстік ендіктің 49.167°, шығыс бойлықтың 84.417°.

Есептік қарқындылығы: ШҚО, Үлкен-Нарын ауылы – 2 балл.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив