«Марқакөл орман шаруашылығы» КММ аумағында құрғақ шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Өртті сөндіру жұмыстары жетуі қиын аумақта жүргізілуде. Жұмыстарға орман күзеті мен ТЖМ бөлімшелерінің күштері жұмылдырылған.
Өртті сөндіруге барлығы 83 адам, 10 өрт сөндіру техникасы және 2 тікұшақ тартылды. Оның ішінде орман күзетінен – 76 адам мен 8 техника, ТЖМ-нен – 7 адам мен 2 техника.
Жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау шеңберінде тартылған тікұшақ жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай жұмылдырылған қызметтердің бақылауында.
Пікірлер