Шемонаиха ауданының тұрғыны Зоя Рязанова 100 жасқа толды. Мерейтой иесін аудан әкімінің орынбасары Данияр Жүнісов әріптестерімен бірге барып, құттықтап қайтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімдігі атынан Зоя Максимовнаға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй және туған-туыстарының амандығы тілектерін жеткізді.
– Зоя Максимовна – тыл еңбеккері. Ол ұзақ жылдар бойы денсаулық сақтау саласында фармацевт болып еңбек етіп, өмірін осы салаға арнады, – деді Данияр Жүнісов.
Мерейтой иесі қонақтарды жылы қарсы алып, көрсетілген құрметке алғысын білдірді.
Пікірлер