6 қыркүйекте Шешек асуы маңында Hyundai Santa Fe және Toyota Land Cruiser көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Апатқа қатысқан тағы екі адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Полиция мәліметінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеуге байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Пікірлер