A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 11:25 0

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қымбаттатқандарға 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Бүгін / ШҚО

Өңірдің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары қажет азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жыл басынан бері мамандар 80 кәсіпкерлік нысанды тексерген. Тексеру нәтижесінде заңнама талаптарының ондаған рет бұзылғаны анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты 75 әкімшілік жаза қолданылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 943 611 теңгені құрады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасы мемлекет тарапынан бекітілген өнімдер тізімі. Қазір оған 31 тауар атауы кіреді.
Олардың қатарында ұн, нан, макарон өнімдері, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, күнбағыс және сары май, тауық еті, сүт, айран, сүзбе, С1 санатындағы жұмыртқа, сиыр, қой және жылқы еті, қияр, қызанақ, алма және басқа да сұранысқа ие азық-түлік өнімдері бар.
Департамент кәсіпкерлерге ӘМАТ тізіміндегі барлық 31 тауар бойынша бөлшек саудадағы шекті үстеме бағаның 15 пайыздан аспауы тиіс екенін еске салады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив