A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 11:40 0

ШҚО спортшысы Азия ойындарында бақ сынайды

Бүгін / ШҚО / Спорт

Біріккен күрес әлемі (UWW) Жапонияда жалауын көтеретін 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына қатысатын палуандар тізімін жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айтулы бәсеке Аичи-Нагоя аймағында өтеді. Қазақстан құрамасы құрлықтық додада еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен сынға түседі. Әр бағыт бойынша алты балуаннан, ұзын-саны 18 қазақстандық спортшы жарысқа қатысады. Еркін күрес спортшылары арасындағы тізімде шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков те бар. Жапонияға баратын тізім төмендегідей:

57 келі – Нұрданат Айтанов
65 келі – Начын Куулар
74 келі – Нұрқожа Қайпанов
86 келі – Азамат Дәулетбеков
97 келі – Ризабек Айтмұхан
125 келі – Едіге Қасымбек

Фото: kazsports.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив