Дәрілік заттардың заңсыз айналымын алдын алу және жолын кесу жұмыстары құқық қорғау және уәкілетті органдармен бірлесіп жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыс прокуратурасы мәліметінше, 2025-2026 жылдары осыған байланысты үш қылмыстық іс қозғалып, 21 әкімшілік хаттама толтырылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.
Қазір Өскемендегі Wildberries арқылы күшті әсер ететін заттарды сату фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Зайсан ауданында медициналық ұйым қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар рецептілік препараттарды пациенттерге заңсыз бергені анықталған.
Облыс прокуратурасы дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қабылдап, өз бетінше емделу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеді.
Пікірлер