Экология департаменті мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп, Катонқарағай ауданындағы жеті ауыл әкімдіктерінде экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бойынша тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жоспардан тыс тексеріс Катонқарағай, Аққайнар, Ақсу, Белқарағай, Жамбыл, Коробиха және Өрел ауылдарын қамтыды. Нәтижесінде жергілікті атқарушы органдарда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыруға қажетті экологиялық рұқсаттар мен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары болмағаны анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты экологиялық заңнама талаптарын тиісінше орындамаған ауылдық округ әкімдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 327-1 және 324-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазір Экология департаменті анықталған экологиялық заңнама талаптарының бұзушылықтарын жою туралы нақты мерзімдер белгіленген нұсқамалар берді.
Пікірлер