A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 17:05 0

Өскемен жолдарын орташа жөндеу қашан аяқталады?

Бүгін / Өскемен

Ресми ақпаратқа сенсек, қазірдің өзінде жұмыстар 95% орындалған және 10 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

«VK Development Group» ЖШС баспасөз қызметі мәліметінше, жөндеу жұмыстарын «AST Qurylys 22» мердігері жүргізуде.
– Орташа жөндеуге 4 сантиметр қалыңдықтағы ірі түйіршікті тығыз асфальт бетоннан тегістеу қабатын және 5 сантиметр қалыңдықтағы тас мастикасынан жасалған асфальт бетон жабынын орнату кіреді. Жөндеудің жалпы ауданы – 146 565 шаршы метр, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жөндеу жұмыстарына 17 автобус аялдамасы, сондай-ақ 210 кәріз және жауын суын ағызатын люктер кіреді.

Жұмыстар мына учаскелерде аяқталды:

1) Назарбаев даңғылы - Аврора көшесінен Шекарашы көшесіне дейін;
2) Назарбаев даңғылы - Гоголь көшесінен Валентина сауда орталығына дейін;
3) Назарбаев даңғылы - Виноградов көшесінен Гоголя көшесіне дейін;
4) Назарбаев даңғылы – Комендант көпірінен Виноградов көшесіне дейін;
5) Назарбаев даңғылы – Ушанов алаңынан Комендант көпіріне дейін;
6) Согринская көшесі – «Гелиос» жанармай құю бекетінен Өскемен шекарасына дейін.
7) Бажов көшесі – Назарбаев даңғылынан Щербаков көшесіне дейін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив