A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:05 0

Тұғылда заманауи балық өңдеу кешені салынады

Бүгін / Тарбағатай

Бүгін Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында өңір үшін маңызды инвестициялық жобаның алғашқы қадамы жасалды. «Zaisan See» ЖШС-ніңелдегі қарқынды балық өңдеу кешені бар алғашқы интеграцияланған инновациялық балық өңдеу кәсіпорнын салу жобасына орай болашақ кәсіпорын аумағында естелік капсула салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ренат Құрмамбаев, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Рустембекұлы, жоба инвесторлары мен жауапты мамандар, Тұғыл ауылының тұрғындары, ауыл ақсақалдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
– Жобаның басты ерекшелігі – балықты заманауи қарқынды технологиялар арқылы өсіруден бастап, алғашқы өңдеу, салқындатылған және мұздатылған өнім өндіру, сақтау, қаптау. Одан бөлек, дайын өнімді ішкі әрі экспорттық нарықтарға шығаруға дейінгі біртұтас өндірістік тізбек қалыптастыру, Жобаның жоспарланған инвестиция көлемі 6 миллион еуроға дейін жетеді. Бұған Польша Республикасынан шетелдік инвестор тартылып отыр, – делінген аудан әкімдігі бөліскен мәліметте.

 
Кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 2000 тонна дайын өнімді қамтиды. Жоба аясында кемінде 100 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кәсіпорынның бірінші кезеңін пайдалануға беру 2027 жылғы тамызға жоспарланған.
– Инвестициялық жобаның жүзеге асуы Тұғыл ауылы мен жалпы ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға серпін береді. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуы, салық түсімдерінің ұлғаюы, заманауи әрі ресурс үнемдейтін технологиялардың енгізілуі де әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етпек. Болашақта кәсіпорын базасында балық өңдеу бағытын одан әрі дамыту, балық шаруашылығы саласына қажетті мамандарды даярлау және жастарды осы бағытта оқыту жоспарланып отыр, – делінген ақпаратта.
Мәлім болғандай, аталған жоба – Тұғыл ауылының өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, аквамәдениет пен балық өңдеу саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама.

 
– Бүгінгі естелік капсуланың салынуы – болашақ кәсіпорынның іргетасын қалаудың символдық белгісі. Алдағы уақытта бұл жерде заманауи өндіріс орны бой көтеріп, жаңа жұмыс орындары ашылып, өңір экономикасына нақты үлес қосатын кәсіпорын қалыптасады, – деді әкімдік өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив