A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:05 0

Бірлік ауылындағы жаңа мектепте 40-қа тарта оқушы білім алуда

Бүгін / Күршім

Бүгін облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына жұмыс сапарымен барып, Бірлік ауылындағы жаңа мектеп жұмысымен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Білім ордасының тарихы 1962 жылдан басталады. Алайда уақыт өте келе ескі мектеп ғимараты заман талабына сай болмай, 2024 жылы ауылда жаңа мектеп құрылысы басталған. Білім ошағының құрылысы сәтті аяқталып, оқушылар былтыр 1 қыркүйекте оқу жылын жаңа мектепте бастады.

– Өткен жылы 1 қыркүйекте жаңа оқу жылын осы мектепте бастадық. Ескі мектеп – киелі шаңырақ. Оны жамандай алмаймын. Себебі бұл жерде талай ұрпақ білім алып, тәлім-тәрбие көрді. Дегенмен ғимарат қазіргі заман талабына сай болмады. Сондықтан 2024 жылы мектеп құрылысы басталып, заманауи білім ордасы бой көтерді. Қазір өзіміздің акт залы мен спорт залымыз бар, – деді мектеп директоры Ринат Нұрбек.
Мектепте 9 сыныпта 37 оқушы білім алып жатыр. Мектеп басшысының айтуынша, соңғы уақытта ауылға қоныс аударып жатқан тұрғындар бар. Осыған байланысты алдағы уақытта оқушылар саны да артуы мүмкін.

Әдемі АМАНГЕЛДІ
Фотосуреттер: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив