A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 13:55 0

Күршім ауданында 31 шақырым жол жөнделіп жатыр

Бүгін / Күршім

Бұл туралы аймақ әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан тұрғындарымен өткен есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы, туризм, жол және коммуналдық инфрақұрылым мәселелері айтылды. Сондай-ақ, ауданды дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары бекітілді. Құжатта ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, шағын және орта бизнес пен туризмді дамытуға басымдық берілген.

Туризм – маңызды бағыт

Бүгінде ауданда 180 төсек-орынға арналған 6 туристік орналастыру нысаны тіркелген. Туристер үшін тартымды нысандардың қатарында Қиын-Керіш шатқалы, Шекелмес мүйісі, Бұқтырма су қоймасы және Зайсан көлінің жағалауы бар.
– Қиын-Керіш шатқалындағы туристік аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. Мұнда демалушыларға арналған күркелер мен ақпараттық көрсеткіштер орнатылды. Жаңа инфрақұрылым нысанға баруды жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған, – деді аймақ басшысы. 
Ол Қиын-Керіштің туристік аумағын одан әрі кешенді дамыту үшін инвестор тарту мәселесін пысықтауды тапсырды.

Жол жөнделуде

Биыл ауданда 31 шақырым жол мен көшеге орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Күршім ауылында сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту бойынша ауқымды жоба іске асуда. Жоба аясында 115,2 шақырым су құбыры желісін реконструкциялау көзделген. Бүгінде оның 74,9 шақырымы, яғни 65%-ы төселді.

Жылу жүйесі жаңғыртылуда

Күршім ауылын жылумен қамтамасыз етудің негізгі жүктемесін «Күршім» кәсіпорнының қазандықтары атқарады. Жылумен жабдықтау жүйесінің жекелеген учаскелерінің тозуына байланысты олардың қызметін арттыру жұмыстары жүргізілуде. 
– Атап айтқанда, №5 қазандық реконструкцияланып, №3 қазандық пен ұзындығы 0,8 шақырым жылу желісі жөнделіп жатыр. Бұдан бөлек, №6 қазандық пен жылу желілерін реконструкциялау жобаларын іске асыру басталды, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив