A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:20 0

Күршім ауданындағы спорт мектебінде 850-ден астам бала жаттығып жүр

Бүгін / Күршім

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына жұмыс сапары барысында спорт нысандары жұмысымен танысып, келушілерге қандай мүмкіндіктер жасалғанын көрді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Күршім аудандық көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 1969 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде мұнда 850-ден астам бала спорттың 10 түрімен тұрақты түрде шұғылданады. Олар волейбол, футбол, шаңғы жарысы, жеңіл және ауыр атлетика, бокс, еркін күрес, қазақ күресі, армрестлинг және жүзуден шеберліктерін шыңдап жатыр. Спорт мектебінде 29 жаттықтырушы-оқытушы еңбек етеді. Жалпы, мекемеде 68 оқу-жаттығу тобы құрылған. Мектептің материалдық-техникалық базасында үш негізгі спорт нысаны бар. Олар – 1980 жылы салынған спорт кешені, 2013 жылы пайдалануға берілген «Сарытау» стадионы және заманауи бассейн. Ұзындығы 25 метр болатын бес жүзу жолағы бар нысанда қазір 60 бала жүзумен айналысады.

Күршімдегі бассейн

Аймақ басшысы ауылдардағы балалардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасаудың маңызын атап өтті.
– Біздің міндет – ауыл балаларына да қаладағыдай спортпен айналысуға мүмкіндік беру. Ол үшін қолда бар нысандарды тиімді пайдаланып қана қоймай, олардың материалдық базасын тұрақты түрде жақсарту қажет. Жас спортшыларға жағдай жасау, бұқаралық спортты дамыту және балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру бағытындағы жұмыс жалғасады, – деді облыс әкімі.
Сапар барысында аймақ басшысы спорт нысандарын тиімді пайдалану, олардың қолжетімділігін арттыру бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Әдемі АМАНГЕЛДІ
Фотосурет: ШҚО әкімдігінен, Еркежан ОРАЛҒАЗИНА

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив