A+ A A-

talgatzhan 28 18-11-2024, 12:40 0

Өскеменде Ашық есік күні өтеді

Бүгін / Өскемен

23 қарашада сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында өкпе, ұйқы безі және қуық асты безінің қатерлі ісігін ерте анықтау мен алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  


Бұл күні облыс тұрғындары орталықтың жетекші мамандарынан дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан кеңес ала алады. Тек жеке куәлігі болуы керек.

Айта кетейік, онкологиялық орталықтың емханасында жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Ашық есік күні стационарда өтеді.

Мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 2-корпус.

Байланыс нөмірлері: +7(7232) 48-91-51, +7 778 003-78-45.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив