447.14 499.54 5.46
A+ A A-

Күршім ауданында 30 үй салынып жатыр

Күршім ауданында 30 үй салынып жатыр [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

«Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан үйлер құрылысы кестеден кешігіп жатқан жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Биыл 11 үйді пайдалануға беру жоспарланған.

– Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов тапсырмасы бойынша үйлер салынып жатыр. Құрылыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Үйлер халыққа кезек тәртібімен беріледі, – деді аудан басшысының орынбасары Сымбат Амангелдіұлы.

Әкімдік мәліметінше, соңғы үш жылда «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша ауданда 50-ге жуық тұрғын үй салынған. Құрылыс нысандарының сапасы құзыретті органдардың бақылауында.

– Үйлердің сапасы құзыретті органдар тарапынан тұрақты түрде тексеріліп отырады. Бұған дейін тұрғын үйлерге қатысты бірқатар шағым түскен. Анықталған олқылықтар түзетіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді, – деді Сымбат Амангелдіұлы.

Әдемі АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив