A+ A A-

talgatzhan 31 19-11-2024, 09:35 0

Өскемен тұрғыны қарасора өсіргені үшін сотталды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласының №2 соты құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған қарасора өсімдіктерін заңсыз егіп, өсіргені үшін (ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігі) және аса ірі мөлшерде есірткіні өткізу мақсатынсыз заңсыз алу және сақтау (ҚК 296-бабының 3-бөлігі) бойынша айыпталған азамат М.-ге қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл маусым айында сотталушы М. жеке учаскесінде қарасора тұқымын отырғызған. Кейін оны сату мақсатынсыз әрі қарай пайдалану үшін жинап, кептірген. Санкцияланған тінту жүргізу кезінде полиция қызметкерлері өсімдік тектес заттың үш бумасын тәркіледі. 
- Сарапшының қорытындысына сәйкес өсімдік тектес заттар ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып шықты. Сотталушының кінәсін мойындауын және жасаған ісіне өкініш білдіруін сот істі жеңілдететін мән-жай деп таныды. Жаза тағайындау кезінде сотталушының жеке басы, ОПНД, ОНД есепте тұрмайтыны, бұрын сотты болмағаны, жасалған қылмыс жеңіл қылмыстарға жататыны ескерілді, - делінген ақпаратта. 
Сот құқық бұзушыны 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеді.
Үкім заңды күшіне енді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив