Шығысқазақстандық таеквондошы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бүгін Тоёхаси қаласында таеквондо WT-дан 80 келіге дейінгі салмақта 16 елдің спортшылары бақ сынады. Қазақстан намысын қорғаған Батырхан жарысты 1/8 финалдан бастады.
Алғашқы кездесуінде ол Таиланд өкілі Промпатчу Криттайотпен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін ширек финалда былтырғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қытай спортшысы Сян Цичжанды дәл осындай есеппен ұтты.
Ал жартылай финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Хун Цзюнь-имен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте қарсыласы 2:1 есебімен қарсыласына есе жіберді.
Осы нәтижемен Батырхан Төлеуғали алғашқы Азиадасында қола медаль еншіледі.
Шығыс Қазақстанның жас спортшысы үшін бұл - үлкен додадағы алғашқы жүлде. Жапония жеріндегі нәтижес Батырханның халықаралық аренадағы тәжірибесін толықтырып, алдағы жарыстарға жаңа мүмкіндік ашты.
Фото: olympic.kz
Пікірлер