A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:10 0

Өскеменде көлік ұрлаған күдікті ұсталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

Облыс орталығында криминалдық полиция қызметкерлері көлік ұрлау және екі тонау дерегін ашты,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі 

Қылмыс жасады деген күдікпен өзге өңірдің 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Полиция департаменті мәліметінше, күдікті алдымен тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөлікті заңсыз иемденген. Кейін көлік табылып, иесіне қайтарылды.

Одан соң ер адам дүкендердің бірінің маңында өтіп бара жатқан азаматқа күш қолданып, оның ұялы телефоны мен 25 мың теңгесін тартып алған. Оқиға орнынан бой тасалаған күдікті кейін тағы бір тонау жасаған. Бұл жолы жәбірленушінің ұялы телефонын, қолсағатын және 5 мың теңгесін алып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Белгілі болғандай, ер адам жақында ғана бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан. Бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив