A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 09:20 0

ШҚО-да қысқы дөңгелексіз көліктерге жолға шығуға шектеу қойылды

Бүгін / ШҚО

Ауа температурасының төмендеуі мен тұманға байланысты өңірде көліктерге жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметінше, 15 қазан күні сағат 20:00-ден бастап облыстық маңызы бар Өскемен – Тарғын – Самар тасжолының Тайынты ауылынан Самар ауылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Шектеу қысқы дөңгелекпен жабдықталмаған көліктерге, сондай-ақ тіркемесі немесе жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қатысты енгізілді.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында көліктің қысқы жағдайға дайындығын тексеріп, жолдағы ахуалды ескеру ұсынылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив