Тарбағатай ауданының тумасы Ерзат Сақабанов ABAI JIU-JITSU CHAMPIONSHIP турнирінде Сергей Морозовпен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Морозов спортсүйер қауымға танымал файтер. UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен. Одан бөлек, 2019 жылғы M-1 Global чемпионы.
Ал Ерзат Zhekpe-Zhek чемпионы, әрі гір көтеруден Әлем чемпионы.
Екеуара кездесу 26 қазан күні Семейдегі ABAI ARENA-да өтеді. Ұйымдастырушылар мұны басты жекпе-жек деп отыр.
Дереккөз: abai_jjf
Пікірлер