A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 11:30 0

«Өскемен – Тарғын – Самар» тасжолында жүк көлігі жолдан шығып кетті

Бүгін / ШҚО / Самар

Жол-көлік оқиғасы 15 қазанда тасжолдың 73-шақырымында болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, Shacman маркалы көлік жүргізушісі жол және ауа райы жағдайларын ескермеген. Салдарынан көлігі жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. 
– Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деді баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, кеше кешкі сағат 20:00-ден бастап Тайынты ауылынан Самарға дейінгі тасжолдың осы бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив