Ұлттық статистика бюросы Қазақстан қалаларындағы жылу тарифтері туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соған сәйкес, жылу бағасы ең жоғары қала – Алматы. Мұнда бір Гкал жылу – 8662 теңге. Екінші орында Орал қаласы тұр. Онда тариф 7180 теңге болса, Шымкентте 7172 теңгеге жеткен.
Ал Өскемен қаласы жылу бағасы бойынша 20 қаланың ішінде 9-орынға жайғасқан. Шаһарда бір Гкал жылу үшін 5307 төлеу қажет.
Жылу тарифі ең төмен қалалар қатарында Көкшетау мен Жезқазған бар. Бұл қалаларда жылу бағасы шамамен 3500 теңге.
Пікірлер