Облыс орталығында нақты қандай іс-шаралар ұйымдастырылатыны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алайда қаладағы мәдени нысандар мерекеге орай көрме, ойын-сауық және басқа да іс-шаралар дайындағаны белгілі. Олардың көбісі осы апта ішінде өтеді.
А.С. Пушкин облыстық атындағы кітапхана:
- 20-26 қазан аралығында "Қазақстан — туған елім, ұлы өлкем" тақырыбында тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы кітап көрмесі;
- 22 қазан сағат 11:00-де «Жырың болып төгілемін» атты мектеп оқушыларының айтысы;
- 24 қазан сағат 14:00-де балалар мен жасөспірімдерге арналған «Менің Отаным – менің бақытым» атты викторина өтеді.
О.Бөкей атындағы қалалық кітапхана:
- 19-25 қазан аралығында сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін «Қазақстанның мемлекеттілігі: ғасырлар бойы» көрмесі болады. Кітаптар мен тарихи материалдар жасанды интеллект арқылы жасалған суреттермен толықтырылады;
- 20 қазан «Түпнұсқалар. Ұлы дала». Кітаптар, жасанды интеллект иллюстрациялары және іс-шаралар арқылы Қазақстан тарихымен таныстыру;
- 21 қазан «27 шайқас - 27 әңгіме», еуразиялық көшпенділердің негізгі шайқастары туралы викторина;
- 22 қазан «Қазақстан саяхатшылардың көзқарасымен» атты жасанды интелектіні қолдана отырып, 19 және 21 ғасырлардағы ел бейнесін салыстыру;
- 23 қазан «Тәуелсіздік. Жаңа Қазақстан» жастар мен сарапшылар арасындағы кездесу, елдің болашағын талқылау және 2050 жылға арналған Қазақстанның көрінісін жасау бойынша кездесулер өтеді.
25 қазан сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін этнографиялық мұражай-қорығында екі мерекелік бағдарлама өтеді. «Қазақстан — Менің Отаным» командалық этнографиялық квесті Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында ұйымдастырылса, «Бірлігі жарасқан Қазақстан» іс-шарасы Горький көшесі, 59 мекенжайында өтеді.
Айта кету керек, 17-27 қазан аралығында облыс бойынша «Береке» фестивалі өтуде. Іс-шараға 11 ірі сауда нүктесі мен 15 супермаркет қосылды. Соның аясында азық-түлік өнімдері мен тауарларға 70%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.
Фото: ЖИ
Пікірлер