A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 16:30 0

«1 күнде 5 рет тексерді»: ШҚО кәсіпкерлері шамадан тыс тексеріске шағымданды

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі дәмхана және ойын-сауық орындарының өкілдері түнгі тексерісітің жиілеуі келушілерді қашырып, табыстың жоғалуына әкеліп соқтыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған мәселені кәсіпкерлер ШҚО Прокуратура өкілдерімен өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде көтерді. 
Қаладағы кәсіпкерлердің бірі өз мекемесіне бір түнде 7 рет тексеру жүргізілгенін айтты. Полиция қызметкерлері келушілердің құжаттарын тексерген, кейбіреуі мезгілсіз тексерістен жалығып, кетіп қалған. 
- Біз бақылауға, тексеріске қарсы емеспіз. Алайда ол да ақылға қонымды болуы керек емес пе? Адамдар демалуға келеді. Ал олар демалудың орнына үнемі куәліктерін көрсетуге мәжбүр. Нәтижесінде біз келушілер мен табыстан айырыламыз, - деді кәсіп иесі. 
Сонымен қататр кәсіпкерлер барлық полиция қызметкерінің мұндай тексерулер жүргізуге құзіреті бар-жоғын сұрады. Бұл сұраққа құқық қорғау органдарының қызметкерлері жауап берді. Айтуларынша, барлық полиция қызметкері тексеріс жүргізуге құқылы. 
Тағы бір мәселе жалған құжаттарға қатысты көтерілді. Мекеме иелері әкімші немесе күзетші әрқашан куәліктердің түпнұсқалығын анықтай алмайтынын және құжаттарды кіреберісте тексерсе де, жауапкершіліктен қорқатынын атап өтті. Қорғаныс құралы ретінде кәсіпкерлерге бейнебақылау жазбаларын, құжаттағы жасты тексеруді және даулардың мән-жайларын сақтау ұсынылды. Бұл материалдар мекеменің заң талаптарын сақтау үшін шаралар қабылдағанын растай алады. Полиция әкімшілік хаттама берсе де, кәсіпкер сотта шешімге қарсылық білдіруге және шағымдануға құқылы.
- Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек.Бірақ кәсіпкерлердің құқықтарын ұмытпау қажет. Егер мекемеге кіруге бақылау орнатылса, құжаттарды тексерсе және қажетті шараларды қабылдаса, бұл мән-жайлар ескерілуі керек. Жауапкершілік ресми түрде емес, заңды түрде белгіленуі шарт, - деді ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Айжан Жәңгірханова.
Прокуратура өкілдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 132-бабына сәйкес кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде  сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін заңды қамқоршыларынсыз жүруі әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін айтты. 
Белгілі болғандай, жыл басынан бері аймақтағы ойын-сауық мекемелерінде 27 лауазымды тұлға аталған заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған. Айыппұл мөлшері кәсіптің санатына байланысты 15-тен 50 АЕК-ке дейін болуы мүмкін. Бір жыл ішінде қайталанатын бұзушылықтар үшін айыппұл мөлшері өседі немесе кәсіпкер өз кәсібін тоқтатуы қажет.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив