A+ A A-

talgatzhan 29 Бүгін, 11:35 0

ШҚО спортшылары V Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды

Бүгін / ШҚО / Спорт

Шығыс Қазақстан облысының спортшылары 18-24 қазан аралығында Жапонияда өтіп жатқан «Айчи - Нагоя-2026» V Азия Пара ойындарында сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасы сапында облыс намысын Виктор Волков (пара жүзу) пен Ардақ Нұрмағамбетов (пара үстел теннисі) қорғауда.

Виктор Волков 100 метрге еркін жүзу жарысында қола медаль жеңіп алды. Ал 400 метрге еркін жүзу сайысында бесінші орынға табан тіреді. Спортшы 50 метрге еркін жүзу жарысына да қатысуда.

Бұдан бөлек, Ардақ Нұрмағамбетов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол үшінші орын үшін өткен шешуші кездесуде Үндістан спортшысымен кездесіп, жеңіске жетті. Осылайша, Азия Пара ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив