A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 12:25 0

ШҚО-да полицейлер жүргізуші куәлігі жоқ ер адамды анықтады

Бүгін / ШҚО

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында облыстық патрульдік полиция батальонының экипажы жолаушылар тасымалын тұрақты жүзеге асырып жүрген Үutong автобусын тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Құжаттарды тексеру барысында рөлдегі ер адамның жүргізуші куәлігі Семей қаласында сот шешімімен тоқтатылғаны анықталды. Осыған қарамастан, ол жолаушыларды тасымалдауды жалғастырған.
Полиция қауіпсіздік ережелерін сақтамау сияқты жол қозғалысына қатысты бұзушылықтарды да анықтады.
Осы тұжырымдар негізінде ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі, 593-бабының 2-бөлігі және 572-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автобус арнайы тұраққа қойылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив