A+ A A-

talgatzhan 36 Бүгін, 12:30 0

ШҚО-дан республикалық бюджетке былтырғыдан гөрі 89,3 млрд теңге артық салық түскен

Бүгін / ШҚО

Жыл басталғалы тоғыз ай ішінде республикалық бюджетке өңірден 255,3 млрд теңге салық түсті. Жоспар 100,2%-ға орындалып, бюджетке белгіленген межеден 400 млн теңге артық қаражат түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда салық түсімдері 89,3 млрд теңгеге артты. Түсімдердің басым бөлігі пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтан, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы және ірі кәсіпкерлік субъектілерінен алынатын корпоративтік табыс салығынан қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтан 111,3 млрд теңге, импорттық тауарларға салынатын қосылған құн салығынан 105,3 млрд теңге, ал ірі кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік табыс салығынан 72,4 млрд теңге түскен.
Сонымен қатар салықтық және кедендік әкімшілендіру шаралары нәтижесінде тоғыз айда республикалық бюджетке қосымша 11,9 млрд теңге салық пен кедендік төлем түсті. Оның ішінде камералдық бақылау есебінен 7,3 млрд теңге, салықтық аудит нәтижесінде 1,1 млрд теңге, қосылған құн салығын қайтаруды әкімшілендіру арқылы 1,3 млрд теңге, ал кедендік әкімшілендіру шаралары нәтижесінде 1,6 млрд теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, биыл жаңа Салық кодексі өз күшіне енді. Мақсаты – салықтық әкімшілендіруді сервистік модельге көшіру, мемлекет пен бизнес арасындағы цифрлық өзара байланысты дамыту және кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту. Нәтижесінде салық есепбінің көлемі шамамен 30%-ға қысқарды.

Жанерке САДЫҚ
Фотосурет: автордікі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив