A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 13:10 0

Салық есептілігін тапсырмағандарға қатысты талаптар өзгерді: Өскемендегі жиында анық-қанығы айтылды

Бүгін / Өскемен

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Саят Бимағамбетов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, енді белгіленген мерзімде есептілік тапсырылмаса, жүйе автоматты түрде нөлдік есептілікті қалыптастырады. Бұл ретте салық төлеуші Жеке кабинетінде тапсыруға тиіс есептілік нысандарын алдын ала көрсетуі қажет.
– Жаңа тәртіп аясында салық есептілігін кері қайтарып алу және оны тапсыру мерзімін ұзарту бойынша мемлекеттік қызметтер де алынып тасталды, – деді департмаент басшысы.
Өзгерістер артық бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға бағытталған. Енді есептілікті уақтылы тапсырмағаны үшін хабарламалар жолданбайды. Сондай-ақ банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру шаралары қолданылмайды.
Бұдан бөлек, микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 272-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив