Республика күні қарсаңында облыста 17-27 қазан аралығында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Соның аясында сатып алушыларға төмендетілген бағамен тауарлардың кең таңдауы ұсынылады.
21-27 қазан күндері акциялардың негізгі бағдарламалары, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер ұйымдастырылады. Сатып алушылар азық-түлік және өзге де тауарларды тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
Акциялар ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға және ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Сондай-ақ отандық өндірушілер өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі:
⎯ «Maxi Mall» СОСО, Өскемен, Қ. Сәтбаев даңғылы, 51
⎯ «ADK» СОСО, Өскемен, Бажов көшесі, 110
⎯ «ADK» СОСО, Өскемен, Қазақстан көшесі, 62
⎯ «Император» СҮ, Өскемен, Әуезов даңғылы, 28
⎯ «Альшемали» СҮ, Өскемен, Мызы көшесі, 16/1
⎯ «Фараон» СҮ, Өскемен, Қазақстан көшесі, 159
⎯ «Фараон» СҮ, Өскемен, Қ. Сәтбаев даңғылы, 39
⎯ «ТНП» құрылыс материалдары дүкені, Өскемен, Қ. Сәтбаев даңғылы, 39
⎯ «ТНП» құрылыс материалдары дүкені, Өскемен, Қазақстан көшесі, 159/3
⎯ «Тропик» СҮ, Риддер, Гоголь көшесі, 37
⎯ «Добрострой» СҮ, Алтай, Бурнашов бульвары, 22.
Акцияға қатысатын супермаркеттер тізімі (Bereke Fest):
⎯ «Колос» СҮ, Өскемен, Әуезов даңғылы, 15
⎯ «Волна» СҮ, Өскемен, Қ. Батыр көшесі, 114
⎯ «Magnum» СҮ, Өскемен, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 16/1
⎯ «Magnum» СҮ, Өскемен, Жібек жолы көшесі, 1
⎯ «Magnum» СҮ, Өскемен, Победа көшесі, 10
⎯ «A-Store» СҮ, Өскемен, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 51
⎯ «A-Store» ADK River, Өскемен, Қазақстан көшесі, 62
⎯ «A-Store» СҮ, Өскемен, «Валентина» СҮ ішінде
⎯ «A-Store» СҮ, Өскемен, Бажов көшесі, 110
⎯ «A-Store» СҮ, Өскемен, Бағдат Шаяхметов көшесі, 13
⎯ «A-Store» СҮ, Өскемен, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 15Б
⎯ «City Center» СҮ, Өскемен, Виноградов көшесі, 17а
⎯ «La Central» СҮ, Өскеме, Н. Назарбаев даңғылы, 6
⎯ «Апельсин» СҮ, Риддер, Қонаев көшесі, 23
⎯ «Алтай Маркет» СҮ, Өскемен, Жібек жолы көшесі, 44.
Пікірлер