A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:05 0

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Бүгін / ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 26 іс бойынша материалдар сотқа жолданған.

ШҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты 21 айыптау үкімін шығарды. Сотталған 20 адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал сот шешімдері мен сот орындаушыларының талаптарын елемеуді жалғастырған тағы бір борышкер түрмеге қамалды.

— Облыста алимент бойынша берешек көлемі әлі де жоғары. Тек Өскемен қаласының өзінде балалардың пайдасына алимент өндіру бойынша 6,5 мыңнан астам атқарушылық іс жүргізілген. Олар шамамен 9 мың баланың мүддесіне қатысты. Мыңнан астам атқарушылық іс бойынша алимент берешегі жиналған. Ал төленбеген алименттің жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асып отыр, — деп хабарлады ШҚО прокуратурасынан. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив