A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 11:25 0

ШҚО-да электр желісін жөндеуге барған мамандар қар құрсауында қалды

Бүгін / ШҚО

Өңірде қар құрсауында қалған 7 энергетика маманы құтқарылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданындағы Құйған ауылдық округіне қарасты Татарка учаскесінде электр желілерінде жұмыс істеп жүрген энергетикалық компанияның 7 қызметкері отырған екі автокөлік қар құрсауында қалған.

— Құтқарушылар жоғары өтімді арнайы техникамен оқиға орнына жетіп, қарға батып қалған энергетиктердің барлығын жақын маңдағы елді мекенге жеткізді. Эвакуацияланған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, ведомство мамандары өңір жұртшылығын қыс мезгілінде жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, дауылды ескертулерді қадағалауға және құтқарушылардың ұсынымдарын сақтауға шақырды.


 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив