A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да демалыс күндері күн күрт суытады

Бүгін / ШҚО / Басты

24-26 қазан күндері облыс аумағында жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше, кей жерлерде қалың қар түсіп, боран соғуы мүмкін. Сондай-ақ республика аумағында, соның ішінде елдің шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. 
Қазақстанның шығысында түнгі ауа температурасы -5, -10 градусқа дейін төмендейді. Ал таулы аймақтарда аяз -13, -18 градусқа жетуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы -5 пен +5 градус аралығында құбылады.
Сонымен қатар, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде -1-8 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив