A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:40 0

ШҚО-да қоқыс төгетін жерлерді дрондардың көмегімен анықтауда

Бүгін / ШҚО

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде дрондар қоқыс үйінділері мен абаттандыру қағидаларының бұзылуын анықтауға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аумақтарды әуеден бақылап, заңсыз қоқыс жиналған орындарды жедел анықтап, оған қатысы бар тұлғаларды белгілеуде.
Жыл басталғалы өңірде абаттандыру саласында 8 117 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, 203 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Оның 185-і жойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалардың атына 11 ұсыным енгізілді.
Ұшу аппараттарын пайдалану жетуі қиын аумақтарды қамтып, олардың жай-күйін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Облыстық Полиция департаменті өкілдері тұрғындар мен кәсіпкерлерді абаттандыру қағидаларын сақтап,өңір тазалығына жанашырлықпен қарауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив