Дәл қазір Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мереке қарсаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып жүрген бірқатар жерлесіміз марапатталды. Оларға мемлекеттік наградаларды аймақ әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады.
Облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы авиациялық бөлімшесінің директоры Қалиқан Байғонысов «Парасат» орденімен марапатталады.
«Құрмет» орденіне ие болғандар:
1) Николай Краснопеев - Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы инспекторы;
2) Манарбек Мұхамеджанов - Шығыс Қазақстан облысы ақсақалдар кеңесінің төрағасы;
3) Амангелді Серғазин - «Қамқор Ұлан» қоғамдық қорының басшысы;
4) Сейсенғазы Чукаев - ШҚО бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті басшысы;
5) Айман Мырамытова - Өскемен қалалық №1 емханасының бас дәрігері;
6) Серік Оразғалиев - Өскемен әуежайы акционерлік қоғамның Президенті.
«Еңбек Даңқы» орденімен марапатталғандар:
1) Жұмабек Жәпішев - «Ермек» шаруа қожалығының басшысы;
2) Сергей Сергеев - ШҚ облыстық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі, кардиолог-дәрігер.
«Шапағат» медаліне ие болғандар:
1) Бауыржан Қожахметов - «Алдияр» шаруа қожалығының басшысы;
2) Гүлбақыт Қахарманова - «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі.
Бұдан бөлек, «Дарын» коммуналдық кәсіпорнының солисі Гуля Қасенова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасуда.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА
Пікірлер