A+ A A-

talgatzhan 10 Бүгін, 19:00 0

Маңырақ ауылында жаңа ветеринариялық пункт ашылды

Бүгін / Тарбағатай

Республика күні қарсаңында Тарбағатай ауданындағы Маңырақ ауылында жаңа ветеринариялық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты шараға аудан әкімі Дархан Шомпайұлы, аудан әкімінің орынбасары Ержан Советбекұлы, аудандық ветеринария қызметінің басшысы Жайлаухан Қозыханұлы, облыстық ветеринария басқармасының бас маманы Ерлік Ордабаев және ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында аудан әкімі Дархан Шомпайұлы ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, жаңа нысанның ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы маңызына тоқталды. Ауыл әжелері ақ шашуын шашып, әндетіп, ақсақалдар ақ батасын берді.

– Облыс басшысы қолдауының нәтижесінде соңғы жылдары ауданда ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 2024 жылы облыстық бюджет есебінен аудандағы сібір жарасы бойынша 8 көмінді талапқа сай бетон қоршаулармен қоршалды, – делінген мәліметте.

Мәлім болғандай, өткен жылы ветеринария қызметіне бір жүк көлігі, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған 1 ДУК автокөлігі және 9 жаңа «Соболь» арнайы автокөлігі берілген. Аудандық бюджет есебінен Ақжар ауылдық округінде мал қорымының құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар сегіз ауылдық округте малды қамап ұстауға, егуге, емдеуге және профилактикалық шараларды ұйымдастыруға арналған арнайы орындар қарастырылып, ветеринариялық жұмыстарды тиімді жүргізуге жағдай жасалып жатыр.

– Жаңа ветеринариялық пункттің ашылуы – ауыл шаруашылығын қолдауға, мал саулығын сақтауға және тұрғындарға көрсетілетін ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған игі бастама, – дейді әкімдік өкілдері.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив