Бүгін, 23 қазан күні Республика күні қарсаңында Тарбағатай ауданының Жаңалық ауылында жаңа медициналық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салтанатты шараға аудан әкімі Дархан Шомпайұлы, аудан әкімінің орынбасары Ержан Советбекұлы, аудандық аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбекұлы, медицина қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан басшысы ауыл тұрғындарын айтулы қуанышпен құттықтап, жаңа медициналық пункттің ел игілігіне қызмет етуіне тілектестігін білдірді.
Тарбағатай дербес аудан болғаннан бері денсаулық сақтау саласында бірқатар ауқымды жұмыс атқарылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 9 медициналық пункт салынып, халық игілігіне берілді. Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесі мен перзентхана ғимараты, Құйған мен Тұғыл ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар күрделі жөндеуден өтіп, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды. Сондай-ақ Сарыөлең, Шеңгілді, Жаңатілеу және Тәуке ауылдарындағы медициналық пункттер жаңартылды.
Пікірлер