A+ A A-

talgatzhan 10 Кеше, 19:50 0

Қабанбай ауылында жаңа ветеринариялық пункт ашылды

Бүгін / Тарбағатай

Республика күні қарсаңында Тарбағатай ауданындағы Қабанбай ауылында жаңа ветеринариялық пункттің салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Рүстембекұлы, Облыстық ветеринария басқармасының бас маманы Ордабаев Ерлік Ғұмарұлы, аудандық ветеринария қызметінің басшысы Жайлаухан Қозыханұлы, Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Бақытжан Төлеуханұлы және ауыл тұрғындары қатысты.

Шара барысында Қуаныш Рүстембекұлы ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, жаңа нысанның ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы маңызына тоқталды. Ауыл әжелері шашу шашып, ақсақалдар ақ батасын беріп, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.  Ауыл әжелері ақ шашуын шашып, ақсақалдар ақ батасын берді.

 

Республика күні қарсаңында ауданымызда бірқатар әлеуметтік және өндірістік маңызы бар нысандар пайдалануға берілуде. Атап айтқанда, Жаңалық ауылында жаңа медициналық пункт ашылып, аудандық аурухананың медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың тікелей қолдауымен Тарбағатай ауданында үш жаңа ветеринариялық пункт салынып, ел игілігіне ұсынылуда.

Облыс басшысының қолдауының нәтижесінде соңғы жылдары ауданда ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, 2024 жылы облыстық бюджет есебінен аудандағы сібір жарасы бойынша 8 көмінді талапқа сай бетон қоршаулармен қоршалды. 2025 жылы ветеринария қызметіне 1 жүк көлігі, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған 1 ДУК автокөлігі және 9 жаңа «Соболь» арнайы автокөлігі берілді. Аудандық бюджет есебінен Ақжар ауылдық округінде мал қорымының құрылысы жүргізілді. Сонымен қатар, сегіз ауылдық округте малды қамап ұстауға, егуге, емдеуге және профилактикалық шараларды ұйымдастыруға арналған арнайы орындар қарастырылып, ветеринариялық жұмыстарды тиімді жүргізуге жағдай жасалуда.

Әкімдік өкілдері жаңа ветеринариялық пункттің ашылуын ауыл шаруашылығын қолдап, тұрғындарға көрсетілетін ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған игі бастама деп отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив