A+ A A-

talgatzhan 37 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да хиджама кабинетін астыртын медресеге айналдырғандар сотталды

Бүгін / ШҚО / Қылмыс

Облыста тыйым салынған «Таблиғи жамағат» ұйымы қызметін жасырын ұйымдастырған үш ер адам сотталды. Олар хиджама кабинетін бүркеніш ретінде пайдаланып, адамдарды діни үгіт-насихат арқылы ұйымға тартқан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Hronika.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, Шемонаиха ауданындағыы Усть-Таловка кентінде Халиф Чинкинов, Омархан Байжұманов және Ернат Асебжанов тыйым салынған ұйым қызметін қайта жандандыруға әрекеттенген. Олар хиджама қызметін көрсетуді сылтау етіп, келушілермен діни тақырыпта әңгімелер жүргізіп, ұйым идеологиясын насихаттаған. Еске сала кетейік, елде аталған діни қозғалысқа 2013 жылы тыйым салынды. 
Тергеу деректерінде күдіктілердің кейбір азаматтарды миссонерлік мақсатта Үндістанға баруға үгіттегені, пәтерлердің бірін астыртын медресе ретінде пайдаланып, Қазақстанның өзге өңірлері мен ТМД елдеріне діни уағыз жүргізу үшін топтар ұйымдастырғаны көрсетілген. Қылмыстық іс аясында ұйымға кемі 11 азаматтың тартылған болуы мүмкін екендігі анықталды.
Тінту кезінде құқық қорғау органдары хиджама жасауға арналған құрал-жабдықтардан бөлек, діни қозғалыс идеологиясын насихаттайтын баспа матариалдарын да тәркілеген.
Сотта айыпталушы тараптың қорғаушылары хиджама қызметінің заңды болғанын, әңгімелер тек ізгілікке үндегенін айтып, сарапшылардың қорытындыларына күмән келтірген. Алайда апелляциялық сатыдағы сот бұл уәждерді қабылдамады. 
Сот шешімінде азаматтарды діни үгіт арқылы ұйымға тарту және оның қызметін ұйымдастыру әрекеттері ҚР Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-бөлігі және 405-бабының 1-бөлігі бойынша бағаланған.
Нәтижесінде екі сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға бес жыл бойы уағыз жүргізуге тыйым салынды. Үшінші адамға оның қылмыстағы рөлі ескеріліп, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив