A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 14:55 0

Өскемендегі «Күншуақ» балабақшасы 20 жылдығын атап өтті

Бүгін / Өскемен

Қаладағы №6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайының ашылғанына 20 жыл толуына орай «20 жыл. 20 сәт. Бір шаңырақ» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Салтанатты іс-шарада балабақша тарихы еске алынып, оның дамуына үлес қосқан педагогтер мен бұрынғы тәрбиеленушілерге құрмет көрсетілді. Кеш барысында тәрбиешілер естеліктерімен бөлісіп, балабақша түлектері өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ алыста жүрген түлектердің бейнеқұттықтаулары көрсетілді.

Мерекелік бағдарламада бүлдіршіндердің биі мен әні орындалып, фортепианодағы шығарма, көркем гимнастика және театрландырылған монолог көрермен назарына ұсынылды. Балабақшаның бұрынғы басшысы мен әр жылдары еңбек еткен қызметкерлері де құрметке бөленді.

Балабақша меңгерушісі Үміт Ережепова мерейтойдың маңызына тоқталып, ұжымның еңбегін атап өтті.

– Жиырма жыл – біздің балабақша үшін маңызды белес. Осы уақыт ішінде қаншама бала тәрбиеленіп, үлкен өмірге жолдама алды. Әр баланың жетістігі мен қуанышы – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Бүгінгі мереке – балабақшамыздың тарихына үлес қосқан ардагер педагогтерге, әріптестеріме және түлектерімізге алғыс білдіретін ерекше сәт. Алдағы уақытта да балаларға сапалы тәрбие мен білім беріп, олардың бақытты балалық шағы үшін еңбек ете береміз, – деді Үміт Серікбекқызы.

Жиырма жыл ішінде талай бүлдіршінге тәрбие мен білім берген «Күншуақ» балабақшасының мерейтойы ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп, жылы естеліктерге толы ерекше мерекеге айналды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив