A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 15:45 0

Өскеменде көліктен ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Бүгін / Өскемен / Қылмыс

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері екі көліктен зат ұрлады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады. Көлік иелеріне келтірілген жалпы шығын 380 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бірінші жағдайда күдікті көліктің есігін бұзып, салон мен жүксалғышта болған ақша мен затты ұрлаған. Ал екінші жағдайда «Газель» маркалы көлігінен ұялы телефон жоғалған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі факті бойынша да қылмыстық істер қозғалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив