A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 15:50 0

Өскеменде келер жылы жолақы 200 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Бүгін / Өскемен

Қалада қоғамдық көлікте жүру ақысы 2027 жылдың басынан көтерілуі мүмкін. Ұсынысқа сәйкес, жолақы қолма-қол төлем кезінде 200 теңге, ал қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда 120 теңге болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәліметінше, тарифті көтеруге жолаушылар тасымалына жұмсалатын шығындардың көбеюі негіз болды.
Атап айтқанда, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер мен шиналардың бағасы өскен. Сондай-ақ автобустарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтандыру мен коммуналдық қызметтерге кететін шығын да көбейді. Бұдан бөлек, кадр тапшылығына байланысты тасымалдаушы компаниялар қызметкерлердің жалақысын көтеруге мәжбүр. Жаңа автобустарды сатып алу да қымбаттады.
– Төлемнің екі түріне бөлек тариф белгілеу жолаушыларды қолма-қол ақшасыз есеп айырысып, жолақыны автоматтаныдырылған жүйе арқылы төлеуге шақыруға бағытталған, – деді ТҮКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегілер.
Қазір тарифті көтеру туралы қаулы жобасы уәкілетті органдармен келісіліп жатыр. Демек ұсынылған тарифтер әзірге түпкілікті бекітілген жоқ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив