Қаладағы облыстық психикалық денсаулық орталығының Буров көшесінде орналасқан наркологиялық бөлімшесі уақытша жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстық психикалық денсаулық орталығының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, психиатриялық қызмет бөлімі Сәтбаев даңғылы, 1А мекенжайында, ал наркологиялық қызмет бөлімі Буров көшесі, 21/1 мекенжайында орналасқан.
– Бөлімше жұмысын уақытша тоқтату ұйымдастырушылық, инфрақұрылымдық және кадрлық мәселерін шешуге байланысты қабылданған мәжбүрлі шара. Науқастар қажетті медициналық көмексіз қалмайды, – деді басқарманың баспасөз қызметіндегілер.
Басқарма мәліметінше, емдеу және оңалту шаралары орталықтың басқа бөлімшелерінде толыққанды жалғасады.
Пікірлер