A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 16:35 0

Өскемен ГЭС-ін 10 жылға жалға беру жоспарланып отыр

Бүгін / Өскемен

Қалалық ГЭС-тің мүліктік кешенін ұзақ мерзімге жалға беру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігіндегі жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жоспарға сәйкес, станция «Өскемен титан-магний комбинатын» электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін кәсіпорынның еншілес компаниясы «UKTMP Green Power» ЖШС-ға жалға берілуі мүмкін. Ұсынылып отырған мерзім – 10 жыл, әрі қарай ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың ресми телеграм арнасындағы жазбасына сәйкес, жалға алушы инвестициялық міндеттемелерді орындап, қолданыстағы еңбек ұжымын сақтауы тиіс.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив