29–31 қазанға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері елде ауа райы күрт жылынады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, қазан айының соңғы күндері елдің солтүстігі мен шығысында, оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (негізінен қар түрінде) күтіледі.
Түнгі уақытта елдің басым бөлігінде ауа температурасы 0°С-тан төмен болады. Күндіз елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 0…+5°С-тан +5…+10°С-қа дейін құбылады.
Пікірлер