A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 17:05 0

ШҚО-да шетел азаматтары жалған құжатпен жүрген

Бүгін / ШҚО

Өскемен қаласы көші-қон қызметінің өкілдері жедел алдын алу шарасы барысында шетел азаматтарының уақытша тұруына арналған үш жалған рұқсат құжатты анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Олар белгіленген рәсім бойынша ресімделмеген және уәкілетті бөлімше берген құжаттар есебінде болмаған.
Алдын ала мәліметтер бойынша құжаттарды дайындауға 28 жастағы жергілікті тұрғынның қатысы бар. Рұқсат қағаздары көршілес мемлекеттен келген 25, 33 және 37 жастағы үш азаматқа жасалынған. 
Ресми есептік деректерді тексеру нәтижесінде аталған құжаттардың көші-қон қызметі тарапынан берілмегені расталды.
Қазір осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы — «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив