A+ A A-

talgatzhan 47 Бүгін, 17:20 0

ШҚО ауылдарында жастар азайып бара жатыр

Бүгін / ШҚО / Өзекті мәселе

Кей өңірде кему, кейбірінде өсім байқалады. Бірақ Шығыс Қазақстандағы статистика аса қуанта қойған жоқ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы ақпаратынша, облыс аумағында тұратын жастар саны барлығы 89 мыңнан асады. Соңғы ақпарат 2025 жылмен шектелген. Осы жылғы мәлімет бюро қорына әлі жүктелмеген көрінеді. 
Мәлім болғандай, өңір қалаларында 58672 ер азамат тұрып жатыр. Нәзік жандылар жеке қарастырылды. Мұнда жастар дегенде 14-35 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жігіттер қамтылды. Сонда ауылдағы жастар саны – 30839. Бұл саны жағынан әсте көп емес. Себебі, тұрғындар үлесі шамамен 200 мыңға аз Солтүстік Қазақстан ауылдарында 33 мыңнан астам ер азамат ғұмыр кешіп жатыр. Қызылорда мен Маңғыстау аймақтарында 70 мыңнан асады.  Иә, бұл өткен жылғы қорытынды дерек. 2-3 жыл бұрынғы ақпарға көз жүгірсек, барлық дерлік аймақта өсім байқалған. Осы ретте сандарда аз-кем өзгеріс болуы мүмкін. Жалпы:

1. Түркістан облысы – 269 мың 583
2. Алматы облысы – 184 мың 294
3. Жамбыл облысы – 109 мың 514
4. Қызылорда облысы – 72 мың 177
5. Маңғыстау облысы – 70 мың 286
6. Ақтөбе – 35 мың 998
7. СҚО – 33 мың 624
8. ШҚО – 30839 адам (жастар үлесі)

Әділхан ЕСІМХАНОВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив