A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 09:05 0

Өскеменде жасөспірімдер жол қозғалысы ережелерін бұзды

Бүгін / Өскемен

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар жасаған бірқатар құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, 17 жастағы жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім жалған нөмірлі көлік жүргізген. Екі кәмелетке толмаған жасөспірім Әл-Фараби даңғылы бойында квадроциклмен жүрген. Тағы біреуі мас күйінде көлік жүргізген. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың бірінен жезден жасалған қолғаптар тәркіленді. Барлық көлік арнайы тұраққа жеткізілді.

- Аталған істер бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылуда. Ата-аналар мен заңды қамқоршыларға әкімшілік жауапкершілік мәселесі белгіленген тәртіпке сәйкес қарастырылады, - деді Өскемен қалалық полиция басқармасындағылар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив