A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:05 0

Күршімде мас күйінде көлік басқарған жүргізуші қайта ұсталды

Бүгін / Күршім / Қылмыс

Аталған ауданда жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылған ер адам мас күйінде қайтадан рөлге отырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Абай көшесінде полиция қызметкерлері Toyota Camry Gracia автокөлігін басқарған 39 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатты. Медициналық куәландыру оның орташа дәрежеде масаң күйде болғанын растады.
Тексеру барысында жүргізушінің 2020 жылы мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Сол кезде сот шешімімен ол жеті жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив