A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 10:40 0

ШҚО-да бірқатар көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды

Бүгін / ШҚО

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Өскемен – Тарғын – Самар тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметінше, шектеу бүгін таңғы сағат 8:30-дан бастап қолданысқа енгізілген.

Атап айтқанда, облыстық маңызы бар Өскемен – Тарғын – Самар тасжолының 63-145 шақырым аралығында, яғни Тарғын ауылынан Самар ауылына дейінгі учаскеде қысқы шиналармен жабдықталмаған жеңіл көліктердің, сондай-ақ тіркемелі және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив